Ақмола облысында өткен жылы адамдардың табиғи өсімі 3462-ге жетті

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысында өткен жылы адамдардың табиғи өсімі 3462-ге жетті, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімінде 1485 деңгейінде қалыптасқан көрінеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика басқармасының деректеріне сілтеме жасап.Бүгінде өңірде 742 мың 39 адам тұрып жатса, олардың 55,1 пайызы қалалық жерлерде тұрақтаған. Жыл ішінде 13 мың 28 нәресте дүниеге келіп, 9 мың 566 адам өмірден озған. Осы уақытта 6 мың 394 отбасы шаңырақ көтерсе, 1 мың 953-і ажырасқан. Адамдардың табиғи өсімі әр мың адамға есептегенде 4,62-ге тең болса, 2007 жылы 1,98 деңгейінде қалыптасқан. Нәрестелердің дүниеге келуінің жоғары деңгейі Көкшетау қаласында-24,39 промилле, ең төменгі нәтиже Астрахан ауданында-12,99 промилле.
Соңғы жаңалықтар