Ақмола облысында өткен жылы бюджеттік қаржының 2,4 миллиард теңгесі заңсыз жұмсалған

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық қаржы бақылау инспекциясының хабарлауынша, өткен жылғы жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша бюджеттік қаржының 2,4 миллиард теңгесі заңсыз жұмсалуына жол берілген,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жыл ішінде бюджеттік қаржының тиімді пайдалану барысын бақылауға қатысты жүзеге асырылған 604 іс шара кезінде құжат толтыру, қаржылық заңсыздықтар орын алған. Оның 65 пайызы бюджет қаржысын негізсіз пайдаланумен байланысты болса, 26,5 пайызы тиімді жұмсалмауға қатысты екендігі анықталды. Сонымен бірге бюджеттік және несиелік қаржыны белгіленген мақсатқа бағыттамау, салықтан басқа түсімдерді бюджетке уақытылы аудармау, ақшалай және материалдық игіліктің жетіспеушілігі орын алған. Қаржылық заңсыздықтың 70 пайызы жергілікті бюджетке қатысты тіркелген.
Соңғы жаңалықтар