08:31, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ақмола облысында өткен жылы халықтың табиғи өсімі 3186 адамға жетті
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша, өткен жылы өңірде халықтың табиғи өсімі 3186 адамды құраған, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 1641-ге көп,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінде аймақта 742 мың 869 адам тұрып жатса, олардың 55,1 пайызы ауылдық жерлерде тұрақтаған. Жыл ішінде 11 мың 966 нәресте дүниеге келді. Осы уақытта 5860 отбасы шаңырақ құрды. 2007 жылмен салыстырғанда сәбилердің дүниеге келуі 948-ге артты. Нәрестелі болу Көкшетау қаласында ең жоғары болса, ең төмен нәтиже Астрахан ауданында. Облыс бойынша әр мың адамға есептегенде туғандар 17,43, ал өмірден озғандар 13,81 промилле деңгейінде қалыптасқан.