Ақмола облысында өткен жылы кәсіпкерліктен бюджетке 10,1 миллиард теңге құйылды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында өткен жылы шағын және орта бизнес нысандарынан бюджетке он миллиард 100 миллион теңге құйылды, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 12,7 пайызға артық,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының бастығы Марат Қойшыбаевтың айтуынша, тек өткен жыл ішінде сала бойынша 43 миллиард 200 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, қызмет көрсетілген, өсім 2007 жылмен салыстырғанда 20,5 пайызды құрайды. Бүгінде өңірде 45 мың 50 шағын бизнес субьектісі тіркелген, өсім 5,5 пайызға тең. Оларда 84 мың адам жұмыспен қамтылып отыр. Бұрнағы жылмен салыстырғанда жаңадан 6 мың 200 жаңа жұмыс орны ашылған. Шағын бизнес кәсіпорындарының 25,6 пайызы көлік жөндеу, сауда-саттық, тұрмыстық техникаға қызмет көрсету ісінде, 21,2 пайызы ауыл шаруашылығында, 199 пайызы құрылыста, 12,4 пайызы өнеркәсіпте тіркелген. Жыл ішінде саланы өркендету мақсатына барлық қаржы көздерінен 21 миллиард теңге жұмсалып отыр.
Соңғы жаңалықтар