Ақмола облысында өткен жылы жалпы сомасы 73,6 миллиард теңгені құрайтын 15 жоба шешімін тапты

КӨКШЕТАУ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының деректері бойынша өңірде өткен жылы индустриялды-инновациялық бағдарламаға сәйкес жалпы сомасы 73,6 миллиард теңгені құрайтын 15 жоба шешімін тапты.
None
None

Ендігі күні «Алтынтау-Көкшетау» акционерлік қоғамының өңдеу зауыты жылына 15 тонна жоғары сапалы алтын өндіретін болады. Еңбекшілдер ауданындағы жаңа өндіріс орны жылына 2,4 миллион тонна темір кенін өңдеуге мүмкіндік бермек. Оның сыртында жылдық қуаты 80 миллион дана кірпіш шығаратын үш зауыт жұмысқа кірісіп кетті. Агроөнеркәсіп кешенінде 5 миллиард теңгенің 9 индустриялық жобасы іске қосылды. Соған орай жыл он екі ай бойы жас көкөніспен қамту шешімін тапты. Екі диірмен кешені алыс және жақын шет елдерге жоғары сапалы ұн жөнелту мәселесін ретке келтірсе, 4 ауданда іске қосылған сыйымдылығы 110 мың тонналық астық қоймалары өзекті мәселенің оң шешімін табуына себепкер болып отыр. Ағымдағы жылы осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, жалпы сомасы 87,9 миллиард теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Олардың қатарында екі цемент зауыты, осынша мал бордақылау алаңы, жылына 5,5 мың тонна ет және ет өнімдерін өндіретін кәсіпорын, асыл тұқымды ірі қара мен жылқы өсіру кешені бар.

Соңғы жаңалықтар