Ақмола облысында өткен жылы жол-көлік оқиғаларынан 240 адам мерт болды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық жол полициясы басқармасының деректеріне сәйкес өткен жылы өңірде 566 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, апат салдарынан 240 адам мерт болған, 705-і дене жарақатын алған,бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда тиісінше 18,2 және 18,1 пайызға төмен,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл ішінде ішкілік ішіп көлік жүргізген 6 мың жүргізуші, жылдамдықты шамадан тыс арттыруға қатысты 14 мың, жаяу жүргіншілерге байланысты 45 оқиға тіркелген. Бүгінде көлік апаты Астана-Петропавл, Екатеринбор-Алматы, Щучье-Бурабай күре жолы бойында жиілегені байқалады. Олардың әрқайсысында тиісінше 105, 55, 12 жол апаты орын алған. Ал жол қозғалысы ережесінің жаңа заңы күшіне енген уақыттан бері 35 мың заң бұзушылық анықталды, ішкілік ішіп жолға шыққан 796 жүргізуші өз куәліктерінен айырылды.
Соңғы жаңалықтар