Ақмола облысында пара алған полиция майоры ірі көлемде айыппұл төлейді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты ауыр дәрежедегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп айыптау бойынша Ақмола облысы ІІД-нің қылмыстық істі тексеру полициясы басқармасының аға жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі қарады, хабарлады ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Соттың анықтауынша, аға жедел уәкіл құқықбұзушының заңсыз іс әрекеті бойынша, атап айтқанда, құқықбұзушыны қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін 80 000 теңге көлемінде пара алған.

«Сот үкімімен аға жедел уәкіл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігімен («Пара алу») айыпты деп танылып, оған  мүлкін тәркілеумен, полиция майоры атағынан айырумен, мемлекеттік қызметте лауазымдық қызметін атқару құқығынан өмірбойына айыра отырып, 4 770 000 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды», деп көрсетілген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар