Ақмола облысында полиэтиленді қапшықтар шығарылуда
«Полимер Пласт» компаниясымен өткен жылы өңірлік индустрияландыру картасының аясында ашылған болатын. Жобаның жалпы құны 162 миллион теңгені құрап отыр. Қазір кәсіпорында полиэтилен өнімінің 15-тен астам түрі (пленка, пакет, логотипті қапшықтар) шығарылады.
Бір айта кетерлігі, мұндағы өндіріс қалдықсыз жұмыс істейді. Жарамсыз және өтелген өнім ұсақталып, қоқысқа арналған қапшықтарды шығаруға пайдаланылады. Жылдық жобалық қуаттылығы - 1500 тонна. Кәсіпорынның өнімі Астана, Павлодар, Көкшетау қалаларында және өңір аумағында сұранысқа ие. Өткен жылы кәсіпорынмен 405 миллион теңгенің 1071 тонна өнімі шығарылған. Қазіргі кезде, кәсіпорында 37-і жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Болашақта кәсіпорын сүт және сүт өнімдеріне арналған қапшықтарды шығару желісін орнатуды жоспарлап отыр.