Ақмола облысында шетелден келіп, дін уағыздап жүрген 29 миссионер бар

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Ақмола облысында 7 миссионер тіркеуден өтіп, куәлік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Облыста 190 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде: 90 - ислам, 46 - православтық, 41 - протестант, 11 - католиктік бағыттағы, 1 - Бахаи діні және 1 - Ақмола облысының Кришна Сана қоғамы. Жалпы діни нысандар саны – 152. Оның 89-ы мешіт, 29-ы православтық шіркеу, 12-і католик шіркеуі және 22 протестанттық дұға үйлері», - деп жазылған әкімдік ұсынған деректе.

Жергілікті құзырлы органның мәліметіне сай, аймақта уағыз жүргізетін 29 миссионер бар.

Оның ішінде 19 адам - Польша, 5 - Филиппин, 1 - Қазақстан, 1 - Ресей, 1 - Германия, 1 - Швейцария және бір Италия азаматы бар.

«Барлық 29 миссионер католицизмді уағыздайды. Жыл басынан бері миссионерлерді тіркеу, куәлік беру бойынша 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді», - делінген әкімдік хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар