Ақмола облысында такси бюросын ашқан ауыл кәсіпкері 10 адамды жұмыспен қамтыды

«Такси бюросын» ашу керек деп шештім. Жолаушылар жеткілікті. Көптеген ауылдастарым қалаға жиі барып тұрады. Неге такси десеңіз, шағын ғана қашықтыққа автобус жіберу тиімсіз. Тек жобаны жүзеге асыруға қаражатым болмады», - дейді ісін бастаушы кәсіпкер. Істі созбақтамай, әрекетшіл ақмолалық моноқалаларды дамыту бағдарламасы жайлы естіп, Степногор қаласының әкімдігіне ақпарат алуға барады. Сол жерден оны жергілікті Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жолдайды. КҚО сарапшылары бизнес-жоба жасауға көмектеседі. Ақырында, Серік үш миллион теңге көлемінде шағын несие алады. Кәсіпкер кеңсе ретінде үй-жай жалдап, екі жеңіл көлік сатып алды. Күтілгендей, жобаның жолы болды. Бүгінде клиенттер жеткілікті. Бизнесмен жуық арада автопаркін кеңейтуді, сондай-ақ ақылы автотұрақ ашуды жоспарлап отыр. Ол өңірлік кәсіпкерлер палатасы Степногор қалалық филиалының сарапшыларымен өз ойымен бөлісті. Сарапшылар жобаны сүйемелдеуді қолдарына алды. Бір айта кететіні, Серіктің бизнес-идеялары түрлі деңгейлерде қолдау табуда. Оның үстіне, бизнесі әлеуметтік әсерге де ие: «Такси бюросының» арқасында он адам жұмысқа орналасты. Басқа да жоспарлары іске асып жатса, жұмыспен қамтылғандар саны екі есе артады, деп хабарланған Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында.