Ақмола облысында тарифтерді реттеу нәтижесінде 1,5 миллиард теңге тиімділікке қол жеткізілді

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мәлімдеуі негізінде өткен жылы өңірде тарифтер мен тарифтік сметаларды реттеу нәтижесінде бір жарым миллиард теңге шартты экономикалық тиімділікке қол жеткізілген,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жыл қорытындысына орай жергілікті және республикалық БАҚ өкілдерімен кездескен департамент басшысы Арман Алпысбаевтың айтуынша, жыл ішінде табиғи монополиялардың 74 субьектісінен 80 өтінім түсіп, сол бойынша тиісті шешім қабылданған көрінеді. Оның сыртында 105 қызмет түріне сәйкес 63 субьектіге реттеу және мемлекеттік бақылау функциялары жүргізілген. Энергетика саласында доминантты орын алатын бес нысаннан түскен 14 хабарландырудың алтауы бойынша келісім жасалып, 7-уі кері қайтарылды, 1-уі қабылданбады. Электр қуатын үнемдеу жұмыстары шеңберінде өңірдегі 4 кәсіпорынмен тәуліктік дифференциалды тариф енгізілді. Ендігі күні тұрғындар екі, ал заңды тұлғалар үш мезгілді түнгі мерзімде 2,3-тен 2,8-ге тарифтік жеңілдіктерді пайдалана алады. Өткен жылы табиғи монополиялардың субьектілеріне жүргізілген 14 тексеріс барысында 30 заң бұзушылық оқиғасы тіркеліп, 5 қаулыға сәйкес 7,7 миллион теңгенің айппұлы салынды. Көкшетау қаласында тұтынушылар құқын қорғау мақсатында «2-ші аудандық бу қазандығынан» 163 миллион теңге қайтарылды.Кездесу барысында департамент басшысы су мен жылу жүйелерінде есеп құралдарын орнату, қызмет түрлеріне қарай лицензиялар беру, тарифтерді реттеу, табиғи монополиялардың шығындарын қысқарту, материалдар мен шикізат шығындары турасындағы сан алуан сауалдарына нақтылы жауап беріп, осы бағыттағы жұмыстарын тілге тиек етті.
Соңғы жаңалықтар