Ақмола облысында теміржол өткелінде автомобиль жүк пойызымен соқтығысты - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Ақмола облысының Атбасар қаласындағы тар табанды теміржол өткелінде «Тойота» маркалы автомобиль «Атбасар-Шаңтөбе» бағытындағы жүк пойызының соңғы вагонымен соқтығысты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Соңғы вагоннан екі контейнер аударылып қалған. Пойыз тоқтамаған. Жол-көлік оқиғасы салдарында 23 жасар қыз  сол жерде қайтыс болды, 28 жасар жүргізуші мен 21 жасар жолаушы ауруханаға түсті.

Соңғы жаңалықтар