Ақмола облысында Төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімінің қатысуымен өрт сөндіретін жаңа депо ашылды

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін, шілденің 3-і күні Ақмола облысының Бурабай ауданында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мен облыс әкімі Сергей Дьяченконың қатысуымен жаңа өрт сөндіру депосы салтанатты жағдайды ашылды.
None
None

Ел Президенті Н.Назарбаев өңірлердің дамуына қашан да үлкен назар бөліп келеді. Олардың арасында Бурабай курорттық аймағы бар. Бурабай курорттық аймағын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, өңірде үш өрт сөндіру депосын салу қарастырылған.

Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, олардың бірі бүгін, Щучинск қаласының Заречный шағынауданында ашылды. АӨБ-24-ті (арнайыландырылған өрт сөндіру бөлімі) пайдалануға беру рәсімі арнайы Астана күніне орайластырылып отыр. Алдағы уақытта осындай деполар Щучинск қаласы мен Жасыл орман кентінде де бой көтеретін болады.

АӨБ-24-тің құрылысы 2009 жылдың үшінші тоқсанында басталды. 2,5 гектар жерге орын тепкен жаңа депода 113 адам жұмыс істейтін болады. Заман талабына сай жарақтандырылған бөлімшенің қолданысына өрт сөндіретін 6 техника тапсырылды және олар күніне 6 шақыртуға шығуға есептелген.

Соңғы жаңалықтар