14:58, 28 Ақпан 2009 | GMT +5
Ақмола облысында тұрғындардың үштен бірі есепке алынды
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ұлттық халық санағы бойынша Ақмола облыстық штабынан алынған мәліметтерге сәйкес өңірде тұрып жатқан 728 мың 729 адамның 239 мың 87-сі санақ шараларымен қамтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Үш күн ішінде Көкшетау қаласында 44 мың 111 адам, Щучье ауданында 25 мың, Степногорда - 20 мың, Целиноград ауданында - 18 мың, Атбасарда - 17 мың, Зеренді ауданында - 15 мың адам санаққа алынып отыр. Қазіргі кезде Көкшетау қаласында уақытша тұрып жатқандар саны 3 мың болса, Щучье ауданында - 1105, Атбасарда -571,Зерендіде - 520, Ақкөл мен Бұланды аудандарында 220-дан, қалған аймақтарда жүз адамнан тіркелген. Өңір бойынша санаққа алынғандардың 111 мыңы жергілікті ұлт өкілдері болса, олардың дені Көкшетау мен Степногор қалаларында, Атбасар, Зеренді, Ерейментау, Еңбекшілдер, Жақсы, Целиноград, Щучье аудандарында шоғырланған. Жалпы Ұлттық халық санағына 2476 санақшы түгелдей қатысуда. Олардың жүріп-тұруына 530 көлік бөлініп, 319 учаскелік полиция қызметкерлері қауіпсіздік қызметтерін қамтамасыз етуде.