Ақмола облысында туризм саласын дамытуға 2,3 миллиард теңге инвестиция тартылды

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында туристік кластерді өркендету мақсатына өткен жылы 2,3 миллиард теңгеден астам қаржы тартылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жыл ішінде алыс және жақын шет елдерден, еліміздің түкпір-түкпірінен келген миллионға жуық туристерге 214 туристік нысан мен 376 жол бойы сервистік қызмет жұмыс жасады. Нәтижесінде үш жыл ішінде бюджетке миллиард теңгеден астам түсім құйылып отыр. Өңірдің сұлу табиғат көркінде еркін серуендеп, жануарлар әлемін тамашалауды қамтамасыз етуге қатысты игілікті шаралар шешімін табуда. Осы мақсатпен Шығыс Қазақстан облысынан 180 марал жеткізіліп, өзен-көлдерге екі миллионнан астам шабақ жіберілді. Оның сыртында «Бурабай» мемлекеттік табиғи саябағы аумағы тағы да елу мың гектарға ұлғайтылып отыр. Алдағы күндерде туристік кластерді өркендетуге бағытталып, Абылай хан алаңын көріктендіру, табиғи мұражайды толықтыру, арнайы мұражай ашу шешімін табатын болады.
Соңғы жаңалықтар