Ақмола облысында тыңайтқыш шығаратын зауыт ашылды

None
None
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан Индустрияландыру күні шеңберінде онлайн режиміндегі телекөпір арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысында тыңайтқыш шығаратын зауытты іске қосты.

«Индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыста 647 млрд. теңгенің 43 жобасы жүзеге асырылуда. Іске қосылған барлық жаңа өндірістер дайын өнімдерді шығарып, өндірістік қуатты сенімді еңсеруде. Бүгін «Астана нан-кэмикалс» ЖШС-ның астық дақылдарының өнімділігін арттыруға аса қажетті тыңайтқыштар шығаратын зауытын іске қосқалы отырмыз. Өндірістік қуаттар компанияға импорттың орнын басуға мүмкіндік береді және республикалық қамтылымға қол жеткізіледі. Өнімнің 20 пайызы Орталық Азия елдері мен Ресейге экспортқа шығарылатын боладыРесейРесей», - деді әкім Сергей Дьяченко.

Өз кезегінде Елбасы Н. Назарбаев өңір халқын мерейлі мерекемен құттықтап, нысанды іске қосуға рұқсат берді. «Астық шаруашылығы үшін аса қажетті зауыт. Бұл еліміз үшін жаңа өнімді шығаратын болады», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар
telegram