Ақмола облысында ТЖД қызметкерлерінің спорттық қыры сараланады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы «Динамо» спорт кешенінде аймақтық ТЖД Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері арасында қазақ күресі және кір көтеру спорты бойынша жарыс ұйымдастырылды.
None
None

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Жарысқа ТЖД Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің 23 бөлімшесі мен 120 қызметкері қатысты. Тартымды әрі тартысты өткен додада қазақ күресінен 60 келіге дейінгі салмақта боз кілемге шыққан Е.Есмағұлов (АӨБ -19) жеңімпаз атанса, 70 келі дейінгі салмақта Е.Қайдаров (ӨБ-13), 80 келі дейінгі салмақта Б.Кекенов (ӨБ-13), 90 келі дейінгі салмақта Д.Абжанов (АӨБ -25) және 90 келіден жоғары салмақта С.Бапишев (ӨБ -21) топ жарды. Сондай-ақ, кір тасын көтеру бойынша өткен сайыста да мықтылар анықталып, Ж.Бигельдин (ӨБ-9) жүлделі үшінші орынды місе тұтса, Е.Әлібеков (АӨБ-4) екінші және А.Шәшкенов (АӨБ-19) бірінші орыннан көрінді. Жүлдегерлер грамота және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар