Ақмола облысында ұн тиелген вагондар темір жолдан шығып кетті

ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ұн тиелген вагондар темір жолдан шығып кетті, жоғары қуатты желінің 3 діңгегі мен 150 метр темір жол төсемі зақымдалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Сейсенбі күні Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Елтай стансысында Қостанайдан Астанаға бет алған 49 вагоннан құралған ұн тиелген №3052 пойызының 8 вагоны болат жолдардан шығып кетті. Оның бесеуі бүйірлей құласа, үшеуі жолдан тайды.

«Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысы негізгі 3-інші жолмен қамтамасыз етілуде. Төтенше жағдайды жоюға Елтай стансысының 40 адамы; Бурабай стансысының қайта қалпына келтіру 1 пойызы жұмылдырылды. Астана стансысынан көмекке қосымша 1 жөндеу пойызы жөнелтілді», - делінген таратылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар