Ақмола облысында ұрланған 39 бас жылқы табылып, иесіне қайтарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ұрланған 39 бас жылқы табылып, иесіне қайтарылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 19-шы қараша күні Бұланды аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне Воробьевка ауылының маңында жайлып жүрген 39 бас жылқыны белгісіз біреулердің айдап әкеткені жөнінде ақпарат түскен болатын. Осыған орай, жедел-іздестіру шарасы қолға алынды. Алайда, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ұрлықтың ізін суытпай ашу мүмкін болмады. Тек араға бір айдан астам уақыт салып барып қана барымташы қолға түсіп, жылқылар иесіне қайтарылды. Тергеу амалдары барысында белгілі болғандай, күдікті 35 жастағы Астрахан ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 188 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар