Ақмола облысында вагондар рельстен шығып, 12 жолаушылар пойызы кешігуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында вагондардың рельстен шығып кетуіне орай 12 жолаушылар пойызы бөгелуде, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

«Жүк вагондарының рельстен шығып қалуына байланысты қазіргі уақытта 12 жолаушылар пойызы бөгелуде: №55 Қызылорда-Көкшетау, №63 Арыс-Астана, №705 Алматы-Петропавл, №701 Алматы-Астана, №707 Шымкент-Астана, №83 Қарағанды-Мәскеу, №853 Қарағанды-Астана, №857 Қарағанды-Астана, №328 Қостанай-Қарағанды, №86 Астана-Сарыағаш, №46 Павлодар-Алматы және Қарағандыдан 3 электропойыз», - делінген хабарламада.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ орын алған қолайсыздық үшін кешірім сұрайды. Белгіленген пунктке жеткен соң кешіккен пойыз жолаушылары заңға сәйкес өтемақы алады. Барынша егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін темір жол вокзалының анықтама бюросына немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне жүгінуге болады.

Еске салсақ, 27 желтоқсанда Ақмола облысында Бабатай стансасында жүк вагондары рельстен шығып кетті. Сол күні сағат 20.00-де Қарағанды-Астана учаскесіндегі Бабатай стансасы бойынша пойыз қозғалысы қалпына келтірілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ арнайы комиссиясы тергеуді жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар