Ақмола облысында вакцина салу жұмысы 24 пункте жүргізілуде

Нариман Сыздықовқа ресейлік «Спутник V» векторлық вакцинасы салынды.
«Өзімді өте жақсы сезініп отырмын. Қысымды тексеріп көрді. Бәрі жақсы. Мынадай пейдж берді онымен жарты сағат ішінде стационар бекетінде бақылаудан өтуге тиіспіз. Бәрі күткендегідей реакция болды. Аздап басым айналғандай әлсіздік басқандай болды. Бірақ бәрі қалыпты. Үш күнге дейін шомылуға, алкогольдік сусындарды қолдануға болмайды. Екпе егілгеннен кейін үш күн дәрігердің бақылауында боламын, – деді ол. Нариман Сыздықов.
Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен аймаққа ресейлік «Спутник V» векторлық вакцинасының 1100 дозасы жеткізілді.
Вакцинаны бірінші кезекте жұқпалы аурулар ауруханаларының, медициналық жедел жәрдемнің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің, қабылдау бөлмелерінің, стационарлық көмек көрсететін медицина қызметкерлері, КВИ бар пациенттерге тікелей қатысы бар санитарлық – эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері алады.
Облыста вакцина салу жұмысы 24 егу пунктінде жүргізуде. Кейін қалған партия түскен кезде қалған егу кабинеттері мен көшпелі бригадаларды іске қосу жоспарлануда. 1104 медицина қызметкері жұмысқа тартылып, арнайы дайындықтан өтті.