Ақмола облысында заңсыз айналымнан 276,23 грамм есірткі тәркіленді

КӨКШЕТАУ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасының деректері бойынша, ағымдағы жыл басынан бері есірткі саудасымен байланысты он қылмыстық әрекет тіркеліп, заңсыз айналымнан салмағы 276,23 грамм есірткі заттары тәркіленді.
None
None

Бурабай ауданының орталығы Щучье қаласында шартты сатып алушы 1988 жылғы Е.есімді жергілікті тұрғыннан алғашында салмағы 3,05 грамм, кейіннен тағы да 3,79 грамм есірткі затын сатып алған. Жедел топ өкілдері күдіктінің үйіне жүргізген тексеріс барысында жатар бөлмеде жасырылған 31 полиэтилен орамын тауып, сақтаулы есірткі заттарын тәркілеген. Зертханалық сараптама оның салмағы 111,39 грамм кептірілген марихуана екенін анықтады. Қазір күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастрылуда.

Соңғы жаңалықтар