Ақмола облысында Зеренді ауданының жаңа әкімі тағайындалды
Асқар Мұратұлы, 1976 жылы туған, білімі жоғары, 1998 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университетін инженер-экономист мамандығы, 2003 жылы Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін инженер мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1998 жылғы шілдеде Шығыс Қазақстан облысы сауда және қызмет көрсету департаментінің инспекторы болып бастады. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде түрлі мемлекеттік лауазымдарда, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің көмекшісі, «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстық филиалдарының директоры, Астана қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті сапаны бақылау басқармасының сарапшысы, Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
Соңғы қызметі 2012 жылғы қазаннан бастап Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымын атқарады.
Еске сала кетсек, ауданның бұрынғы әкімі Қанат Әлібеков бар-жоғы 4 айға жуық қызмет атқарып денсаулығына байланысты жақында өз еркімен қызметінен кеткен болатын.