Ақмола облысында жаңа мешіт пайдалануға берілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қорғалжын ауданының Жантеке ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілді.
None
None

Жаңа мешіт 160 шаршы метр аумақты алып жатыр. Оның ішінде аумағы 60 шаршы метр намаз оқитын арнайы бөлме де бар.

Алланың үйінің ашылу салтанатына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, танымал қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан, ақын Қалқаман Сарин, Астанадағы Әзірет Сұлтан атындағы мешіттің найб имамы Қуат Ерғалиұлы, Ақмола облысы бойынша бас имам Қанат Қыдырмин және Марат Омаров, Кұрмаш Мақанов, Жаңабай Өтегенов, Досымжан Танатаров тәрізді еліміздің эстрада жұлдыздары қатысты.

Салтанатты шара спорттық шараға ұласты.

Соңғы жаңалықтар