12:08, 29 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Ақмола облысында жас қыз 37 жастағы ер адамды көлігімен қағып, мерт қылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 37 жастағы ер адам көлік астына түсіп, мерт болды Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жол-көлік оқиғасы 29 желтоқсан күні түнгі уақыт 04:30 минут шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1240 шақырымында орын алған. Целиноград ауданының Максимовка ауылының тұрғыны 1991 жылғы қыз «Лада-21901» жеңіл көлігімен жол бойында жүріп бара жатқан жаяу жүргінші, яғни 37 жастағы ер адамды қағып кеткен. Қатты соққы алған ер адам жедел жәрдем қызметі жеткенше оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі кезде, ер адамның денесі мәйітханаға жеткізіліп, оған сот медициналық сараптама жұмыстары тағайындалды. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.