Ақмола облысында жаяу жүргіншіні соққан мотоциклист комада жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мотоцикл жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты Шортанды ауданының Жолымбет ауылында болған.

Белгілі болғандай, «Dayun Super» мотоциклінің 37 жастағы жүргізшісі көлікті басқара алмай 43 жастағы әйелді қағып кеткен.

Салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен жаяу жүргінші түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Мотоцикл жүргізушісі комада.

«Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі бойынша «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Астана-Петропавл» тасжолында мотоцикл жүргізушісі жол апатынан көз жұмғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар