Ақмола облысында жаяуды мерт қылып, оқиға орнынан ізін суытқан көлік жүргізушісі іздестірілуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жаяуды мерт қылып, оқиға орнынан ізін суытқан көлік жүргізушісі іздестірілуде.

Ақмола облысында жаяуды мерт қылып, оқиға орнынан ізін суытқан көлік жүргізушісі іздестірілуде

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, жол көлік оқиғасы мамырдың 9-нан 10-на қараған түні сағат 02:00 шамасында «Көкшетау-Омбы» тас жолының 12 шақырымында орын алған.

«Белгісіз көлік жүргізушісі 1957 жылғы ер адамды қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Көлік астына түскен 59 жастағы жаяу Көкшетау қаласындағы теміржол ауруханасы көз жұмды.

Қазіргі кезде көлік жүргізушісін анықтау мақсатында кешенді шаралар қолға алынған.

Полицейлер куәгерлер немесе бұл туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдарға азаматтық белсенділік танытып, көлік жүргізушісін табуға көмектесу шақырады. Ол үшін Ақмола облыстық ІІД 29-98-43, 77-44-62, ұялы телефон нөмірі 8-701-222-59-31 немесе арнайы «102» байланыс нөміріне хабарласуын сұрайды», деп көрсетілген хабарламада.