Ақмола облысында жайылымдық жерлердің тапшылығы қалай шешіледі

Ведомствоның мәліметінше, биыл өңірде 400 мың гектар пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару және айналымға енгізу жоспарланған. Қазір кезде соның 98,6 мың гектары қайтарылса, 191,1 мың гектары ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.
«Ақмола облысының 420 елді мекеніндегі 437,8 мың гектар алқапта жеке ауладағы малды жаятын жайылымдық жерлердің тапшылығы байқалады. Бүгінгі күні ауыл шаруасы үшін өзекті мәселе болып отырған бұл мәселені құзырлы органдар біртіндеп шешіп жатыр. Бұл мәселені шешу үшін аудандық атқарушы органдар жыл басынан бері 45,8 мың гектар алаңда елді мекендердің шекараларын кеңейту (жоспар - 76,3 мың га), 46 мың гектарда ауылдық округтерге бекіту (жоспар - 65,9 мың га), 0,4 мың гектарда мемлекет мұқтажы үшін жерді алып қою (жоспар - 5,5 мың га), 145,6 мың гектарда жайылымдық жерді жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларға қосу (жоспар - 217,8 мың га) бойынша жұмыстар жүргізді», - деді басқарманың баспасөз қызметінен.
Ведомстводан атап өткендей, бұдан басқа, әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен 287,1 мың гектар жайылымдық жерді бірлесіп пайдалану туралы меморандумдар жасалды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында сүт өндірісін 32,3 мың тоннаға ұлғайту жоспарланғанын жазған едік.