Ақмола облысында жеке меншік балабақша пайдалануға берілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Шортанды ауданындағы Дамса ауылында жеке меншік балабақша пайдалануға берілді.
None
None

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Бұл ауданда ашылып отырған алғашқы жеке меншік балабақша. Бұрынғы құрылыс кеңесенің ғимаратында орналасқан балабақшада балалардың тәлім тәрбие алуына барлық жағдай жасалынған", делінген хабарламады.

Қазіргі кезде балабақшаға Шортанды, Дамса және жақын маңдағы елді мекендегі 25 бүлдіршін тәрбиеленуде. Бүлдіршіндерге шет тілдері үйретіліп, тамақ, тасымалдау мәселесі оң шешілген. Алдағы уақытта бала санын 30-ға жеткізу жоспарда бар.

Балабақшаның ашылу салтанаттында жиналғандар бүлдіршіндердің санаулы уақыттың ішінде би-билеп, ән айтуды үйреніп қана қоймай, шет тілдерін де меңгеріп алғанының куәсі болды. Галина Мясникова жетекшілік ететін ұжымда білікті де білімді жас тәрбиешілер жетерлік.

Соңғы жаңалықтар