Ақмола облысында жел және күн энергияларына негізделген екі автономды энергетикалық кешен қолданысқа енгізілді

АЛМАТЫ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - «Астананың жасыл белдеуіндегі» «Орман тосқауылы» нысанын жарықпен қамтамасыз ету үшін Ақмола облысында жел және күн энергияларына негізделген екі автономды энергетикалық кешен қолданысқа енгізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясына сілтеме жасап.

Кешендер «Болотовтың жел роторлы турбинасы» негізінде жасалған. «Болотов виндроторы» - әлемде теңдесі жоқ, бірегей отандық ноу-хау. Оны ойлап тапқан техника ғылымдарының докторы, академик Альберт Болотов. Қондырғыда дәстүрлі ебелектер емес, қарама-қарсы бағытталған модульді айналмалы қос сатылас-білікті роторлы турбина қолданылған. Түрлі деңгейдегі желдің бағыты мен жылдамдығы әрқилы болғандықтан төменгі және жоғарғы роторлар әр түрлі жылдамдықпен әр бағытқа айнала алады. Мұндай құрылғы әдетте ебелекті стансылар жұмыс істемейтін желдің ең төменгі жылдамдығында да ток беруге қабілетті. Аталмыш электр стансысы 43 пайызға дейінгі бекітілген өте жоғары қуат коэффициентіне ие. Жел қондырғысы жинақтамасында сондай-ақ күн батареялары мен гелийлі аккумуляторлар бар. Бұлтты, желсіз кезде нысан осы аккумуляторда жинақталған энергия есебінен қоректендіріледі. Бүгінгі таңда осындай 20 шақты стансы Қызылорда, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарының шалғай аудандарында жұмыс істеп тұр.

Жел энергетикалық қондырғыларын құру «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әзірлеген Қазақстанда баламалы «жасыл» энергетиканы дамытудың ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Жел энергетикалық қондырғыларын шығаруды Қазатомөнеркәсіптің құрамына енетін Өскемендегі «Машзауыт» АҚ базасында ұйымдастыру жоспарланған. Қазір елімізде 180 мыңдай шаруа қожалықтарының 90 пайыздайы орталықтандырылған электр көзіне қол жеткізе алмай отыр. Сондай-ақ, бірінші санаттағы тұтынушыларға жататын шалғай аудандардағы шағын елді мекендерді, ретрансляторларды, шекара заставаларын, шекаралық бақылау жүйелерін, мұнай-газ құбырларына қызмет көрсету тармақтарын электрмен үздіксіз қамтамасыз ету де айрықша маңызға ие. Кешенді жел энергетикалық қондырғыларын қолдану Қазақстанның энергетикалық жүйесінің үйлесімін өзгертіп, қуатқа тапшы аймақтарды энергиямен қамтамасыз етуді арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар