Ақмола облысында жидек шаруашылығы ашылды

Серіктестік басшысы Нұрлан Апышевтың айтуынша, Астаналық ауданда ашылып отырған шаруашылық алдағы жазда құлпынай және таңқұрай өнімдерін елордаға жеткізетін болады.
«Жидектің сорты өнімді. Әрбір өсімдіктен мауысым кезінде 2 келі құлпынай алуға болады. Соңына дейін барлығы 3 тоннаға дейін өнім жинаймыз деп отырымыз. Пестицид сияқты химиялық препараттарды қолданбаймыз», - дейді серіктестік директоры Нұрлан Апышев.
Сонымен қатар, «Алғабас Агрифуд» ЖШС-гі Еуропадағы ірі питомник саналатын Испанияның «Viveros Campiñas» компаниясының ресми өкілі болып отыр. Өсімдікті отырғызу науқынында аталған фирма Қазақстанға жарты миллионға жуық өсімдік жеткізбек. Қазірдің өзінде елімізге 350 мыңнан астам көшет жөнелтілген. Оның басым бөлігі «Альбион» сортты құлпынайлар. Өткен жылы серіктестік бір гектардан 1,5 тонна өнім алды. Оған қоса, серіктестік көкжидек отырғызуды да жоспарлап отыр.