Ақмола облысында жоғалған 26 жастағы сазгер екі күннен бері табылмай жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 26 жастағы сазгерді полиция іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 сәуір күні сағат 22:00 шамасында Жарқайың аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын жүгініп, 26 жастағы ұлын іздеп табуға көмек сұраған.

Ер адамның сөзінше, ұлы сол күні сағат 16:00 шамасында үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Отбасында ешқандай жанжал болмаған. Ол осыған дейінде бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген екен.

«Жоғалған адамды іздеу үшін Жарқайың аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы және волонтерлерден құралған алты іздеу тобы құрылды. Іздеу жұмыстары Державинск қаласы мен жақын маңдағы елді мекендерде, Есіл өзені жағасы аумағында жүргізіліп жатыр», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, жоғалған ер адамның бойы 175-180 сантиметр, бет бейнесі азиаттық. Дене бітімі арықша келген.

Үстінен қара күрткі, ақ түсті жиде, сұр түсті джинсы мен қара спорттық аяқ киім киген.

Оны көрген немесе жүрген жерін білетін адам болса, 102 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Еске сал кетейік, Ақмола облысында дәрігерлер шала туған екі нәрестені аман алып қалды.


Соңғы жаңалықтар