Ақмола облысында жол апатынан бір адам опат болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Есіл ауданында жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам опат болды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.
None
None

ТЖД мәліметі бойынша, жол апаты Жақсы-Бұзылық тас жолының 64 шақырымында желтоқсанның 9-і күні сағат 15:07 минут шамасында болды. Жол талғамайтын «Toyota Land Cruiser» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «ДАВ» жүк көлігімен соқтығысқан. Бірінші көліктің 1959 жылғы жүргізушісі С.Сарбаев сол жерде жантәсілім еткен.

Соңғы жаңалықтар