Ақмола облысында «Жол картасы» бағдарламасына ағымдағы жылы 5,6 миллиард теңге қарастырылып отыр

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында ағымдағы жылы «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру мақсатына 5 миллиард 600 миллион теңге қаржы қарастырылған,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл ішінде айтулы бағдарлама аясында ауыларалық жолдарды қалпына келтіру ісіне 2 миллиард 600 миллион теңге белгіленіп отыр. Нәтижесінде ауылдар арасындағы жолдарда қатты жамылғы төселіп, көпірлерді жөндеу жүзеге асырылады. Бюджет қаржысының 1 миллиард 300 миллион теңгесі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жұмысын жандандыруға көзделген. Сонымен қатар денсаулық саласына 780 миллион теңге, білім беру ісіне 690 миллион теңге бөлінді. Ол әр елдімекендегі денсаулық және білім беру нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу шараларына бағытталады. Басқа әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру ісіне 220 миллион теңге ескерілген. Әрбір ауданда елдімекендердің әлеуметтік, өндірістік саласын дамытуды қамтитын іс-шаралар жоспары әзірленген.

Соңғы жаңалықтар