09:08, 14 Шілде 2009 | GMT +5
Ақмола облысында «Жол картасы» бойынша 2500 адам әлеуметтік жұмыспен қамтылатын болады
4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Жол картасы» бойынша 2500 адам әлеуметтік жұмыспен қамтылып,

1200 адам жастар тәжірибесіне қатыстырылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы мақсатқа бюджеттен 326 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр. Қазірдің өзінде 441 шаруашылық субьектісімен 598 келісімшарт жасалып, 2137 адам әлеуметтік жұмысқа тартылса, жастар тәжірибесіне сәйкес 349 кәсіпорынмен жасалған 410 келісімге орай 488 жас буын жұмыспен қамтылды. Оның сыртында өңірдегі оқу орындарында ұйымдастырылған курстарда қайта даярлау және кәсіби біліктіліктерін арттыру ісіне 327 миллион теңге қаржы бөлініп, 3 мың адам оқытылатын болады. Олардың 1067-сі бүгінгі таңда кәсіби білім алумен қамтылған.
Жалпы айтулы бағдарлама аясында 4667 жаңа және қосымша 4528 жұмыс орны ашылады деп белгіленіп отыр.