Ақмола облысында жолда қалған 18 қырғызстандық азамат құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасар ауданы арқылы өтетін "Алматы-Екатеринбург" күре жолының бойында істен шыққан шағын автобустағы қырғыз азаматтары қауіпсіз жерлерге көшірілді. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

ТЖД мәліметі бойынша қаңтардың 11-і күні "Алматы-Екатеринбург" күре жолының 986 шақырымында жолаушылар тасымалдайтын шағын автобус істен шыққан. Құтқару жұмыстарына "Жолаушылар тасымалы" МКК-ның жеке құрамынан 2 адам және 1 техника тартылды. 18 жолаушы Атбасар қаласындағы қонақүйге жайғастырылды.

Соңғы жаңалықтар