Ақмола облысында жыл басынан бері 56,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында ағымдағы жыл басынан бері 56,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
None
None

Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 72,2 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінің деректеріне сілтеме жасап.

Осы уақыт аралығында тұрғын үй бағдарламасын іске асыру мақсатына бір миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып отыр. Тұрғызылған баспаналардың 89 пайызы жекеменшік кәсіпорындар мен ұйымдар үлесіне тиесілі. Бұл ретте қарастырылған қаржының 46 миллион теңгесі республикалық бюджтке, 5 миллион теңгесі жергілікті бюджетке, 555 миллион теңгесі тұрғындарға, 211 миллион теңгесі несие көздеріне тиесілі болып отыр. Жыл ішінде тұрғын үй жайына қаржы тарту Целиноград ауданында 265 миллион теңге, Зерендіде - 196 миллион теңге, Көкшетау қаласында - 179 миллион теңге, Бурабай ауданында 120 миллион теңге деңгейінде қалыптасты. Соған сәйкес пайдалануға берілген жайлы үйлер қатары осы аймақтарда едәуір жоғары. Іске қосылған тұрғын үйлердің әр шаршы метрі орта есеппен 34 мың теңгеден айналуда.

Соңғы жаңалықтар