Ақмола облысында жыл басынан бері жол апатынан 54 адам мерт болды

КӨКШЕТАУ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Өңірде жыл басынан бері 159 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, апат салдарынан 54 адам мерт болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы облыстық басқармасына сілтеме жасап.

Тек шілде айының соңғы үш күнінде Атбасар, Ерейментау аудандары мен Степногор қаласында болған жол апаттарынан 11 адам көз жұмған. Жылдың алғашқы алты айында мас жүргізушілердің  кесірінен 6 жол-көлік оқиғасы орын алды, 3 адам мерт болып, 8-і жарақаттанды. Сондай-ақ жол ережесін бұзудың 43144 фактісі тіркелген, оның 2660-сы - ішкілік ішіп көлікке отырғандар, ал 14655-і - жылдамдықты шамадан тыс арттырғандар.

Жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен жыл ішінде 700 қылмыстың беті ашылды. Көлікті алып кетуге қатысты 61 оқиғаның 58-і анықталып, иесіне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар