Ақмола облысындағы ауданның Біржан сал аталуына байланысты бірқатар шаралар өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы Еңбекшілдер ауданының Біржан сал аталуына байланысты, әйгілі дала дүлділінің құрметіне арналған бірқатар іс-шаралар өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстың ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
None
None

Оның ең ауқымдысы Степняк қаласында өткен Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония ұжымының концерті болды.


Сонымен қатар өңірде дөңгелек үстелдер өтіп, мектептерде сынып сағаттары ұйымдастырылды. Кітапханаларда конференциялар өтті. Біржан сал атындағы колледждің өнерпаздары ақынның әндерін орындап, флеш-моб өткізді. 


Естеріңізге сала кетейік , Елбасы Жарлығымен Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы қайтадан Біржан сал ауданы болып аталған болатын.

Соңғы жаңалықтар