Ақмола облысындағы «ҚазОрман» ағаш өңдеу кәсіпорны өндіріс көлемін 8 мың текше метрге ұлғайтты
Еске сала кетсек, аталған зауыт 2009 жылы «Үдемелі индустриялық- инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске қосылған болатын. Кәсіпорында қазіргі заманғы технология бойынша еуропалық стандарттарға сай ағаштан үй, терезе жақтаулары мен есіктер тәрізді түрлі құрылыс материалдары шығарылады. Бұл - еліміздегі орман шаруашылығы саласындағы жоғары қарқынмен дамып отырған алғашқы қарлығаштарының бірі. 2014 жылы кәсіпорында жаңғырту жұмыстары қолға алынып, өндіріс көлемі 8 мың текше метрге дейін артты. Сонымен қатар, зауытта жергілікті 100 адам жұмыс істейді. «Бизнестің жол картасы-2030» мембағдарламасы шеңберінде кәсіпорынға 280 миллион теңге көлемінде субсидия бөлінген. Осының арқасында бүгінгі күні кәсіпорын өнімдеріне деген сұраныс жоғары.