Ақмола облысындағы психоневрологиялық мекемеде өрт болды

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Купчановка ауылындағы 3 қабатты Купчанов психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік мекемесі ғамаратының жертөлесінен өрт шықты.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз-қызметінен хабарлады.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Ақмола облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 15 адамы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды. Өрт көлемі 30 шаршы метрді қамтыды. 526 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жапа шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Соңғы жаңалықтар