Ақмола облысындағы «Семізбай» кен орнында уран өндіретін кәсіпорын іске қосылды

ң 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен  телекөпірде Ақмола облысындағы «Семізбай» кен орнында уран өндіретін кәсіпорын іске қосылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысының әкімі Альберт Раудың айтуынша,  жобаға салынған инвестицияның сомасы 100 млн. доллар. Бұл кәсіпорында биыл  2 млрд. теңгенің өнімдері өндірілетін болады. Жалпы кәсіпорын жылына 500 тонна уран өндіруді көздеп отыр. Мұнда 300 жұмыс орны құрылатын болады.

 Әкім ағымдағы жылы облыста жалпы сомасы 80 млрд. теңге болатын 15 жоба іске қосылатынын және екі мыңға жуық жұмыс орны ашылатынын айтты. Барынша маңызды жобалардың ішінде инвестициясының сомасы - 68 млрд. теңге болатын  Васильков   кен орнындағы жылына 15 тонна алтын өндіретін фабриканың құрылысы бар. «Ақмола облысында жалпы сомасы 250 млрд. теңге болатын 32 индустиялдық жоба жүзеге асырылуда», деді әкім.  

Соңғы жаңалықтар