12:43, 03 Қаңтар 2016 | GMT +5
Ақмола облысындағы жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боран мен жолдың көрінбеуі салдарынан Ақмола облысында республикалық маңызы жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысына тыйым салынды:

- «Жезқазған-Петропавл» (377-595 км, Державинск к.- Есіл қ.);
- «Жақсы-Есіл-Бузулук» (0-82 км);
- «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» (232-260 км);
-«Екатеринбор-Алматы» (917-990 км, Жақсы к.- Атбасар қ.);
- «Екатеринбор-Алматы» (856-940 км, Жақсы к.- Чистополье к.).
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен хабарлады.
Осыған дейін құтқару қызметі Қазақстанның бес облысында: Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қызылорда және ШҚО-да жолдар жабылғанын хабарлаған.