Ақмола облысының әкімі «Қазақстан ауыл жастары» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтаса жұмыс жасамақ

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Көкшетауда «Достар» мәдениет үйінде «Қазақстан ауыл жастары» қоғамдық бірлестігінің еліміздің барлық аймақтарындағы ауылдық көшбасшылардың қатысуымен алғашқы республикалық кеңес өтіп, онда жастардың саяси белсенділігі,
None
None
ел экономикасын өрге бастырудағы ынтымақты іс-әрекеті, жастарға мемлекеттік қолдау көрсету жайы қарастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жүзге тарта жас буын өкілдері, тиісті министрліктер мен ведомстволар, облыс әкімдігі пен ішкі саясат басқармасының лауазымды қызметкерлерінің қатысуымен өткен кеңесте облыс әкімі Альберт Рау жастарға жасалып отырған қамқорлық, олардың ынтымақты жұмысы, алда тұрған келелі міндеттер турасында ойын ортаға салды. Бүгінде өңірде әкімдіктің қолдауымен жастар саясаты баянды шешімін тауып, жас кадрлар қамқорлыққа алынған. Соның айқын көрінісі іспеттес «Запорожье» ауылындағы әлеуметтік-мәдени іс- шараға 70 миллион теңге жаратылса, «ТНК» агрофирмасы сәулетті спорт ғимаратын жастар игілігіне тегін беріп отыр. «Свободное» ауылында жаңадан келген жас мамандар тегін пәтермен, қаржылай көмекпен қамтылған. Алдағы уақытта кәсіптік-техникалық білім беру жандандырылып, жастарды тұрақтандыру шешімін табатын болады. Өз кезегінде «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты атқарушы хатшысының жетекшісі Лаврентий Бобрышев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауылдық аймақтық істер жөніндегі комитет басқармасының бастығы Степан Лепешко, «Астана агроорталық» ЖШС бас директорының әлеуметтік мәселелер бойынша көмекшісі Василий Палаев, Ақмола және Қарағанды облыстарының Қазақстан ауыл жастары аймақтық көшбасшылары Әсем Қазымбаева мен Данияр Қалимолдаев жас буынға жасалып отырған мемлекеттік қамқорлық аясында шешімін тапқан істерге сараптама жасап, бірқатар өзекті мәселелерге баса назар аударды. Бүгінде ауылдық жерлерде 26 мың 584 білікті кадр тапшылығы сезіліп отыр. Олар негізінен дәрігерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері, мұғалімдер, ауыл шаруашылығы мамандары. Ол, әсіресе Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарында ерекше сезілуде. Қазіргі басты назар осынау түйткілдерді шешуге бағытталып отыр. Алдағы үш жылда жастар ісіне республикалық бюджеттен 21,5 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Жастар саясатында өткен жыл ерекше есте қалмақ. Өйткені «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының сьезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыхалықтық «Ауыл жастары» бастамасына орай бағдарлама жасау және оны жүзеге асыру қажеттігіне баса көңіл бөлген болатын. Басқосу аясында облыс әкімі Альберт Рау мен «Қазақстан ауыл жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Евгений Глотов өзара ынтымақтастық және бірлесе жұмыс жасау жөніндегі меморандумға қол қойды.
Соңғы жаңалықтар