Ақмола облысының әкімі Көкшетаудағы «Архистратиг Михаил приходы» православ шіркеуінде болды (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетаудағы «Архистратиг Михаил приходы» православ шіркеуінде болып, православие христиандарының Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Шіркеуде болған аймақ басшысы православ шіркеуі біздің қоғамымызда бейбітшілік пен түсіністікті нығайтуға, мемлекеттер мен діни бірлестіктер арасындағы игілікті диалогты дамытуда зор үлес қосып отырғанын ерекше атап өтті.

«Барша ақмолалықтарды миллиондаған христиандарға жоғары рухани қуаныш әкелетін адамдардың жүректеріне мейірімділік ұялатып, жақсылық пен сүйіспеншілікке толтыратын мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке адамдардың бір-біріне деген сыйластығын қалыптастырып, болашаққа деген сенімін нығайтады»,- деді облыс әкімі өз сөзінде.

Шіркеуде болған аймақ басшысы барша христиандарды Рождество мерекесімен құттықтай келе, осындағы жексенбілік мектептің шәкірттеріне сый-сияпаттар үлестірді.

null null null null null

Соңғы жаңалықтар