13:39, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Ақмола облысының әкімі Мәжіліс депутаттарымен кездесті
КӨКШЕТАУ.Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысының әкімі Альберт Рау өңірге іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын қабылдап, пікір алмасты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі қазіргі дағдарысқа байланысты облыстағы жағдайдың тұрақты екендігін айта келіп, халықтың басым көпшілігі ауылдық жерлерде тұратындығына, 42 пайызы ауыл шаруашылығында еңбек ететініне ерекше тоқталды. Сондықтан да салаға басымдық көрсетіліп отыр. Өнеркәсіп саласына шолу жасаған өңір басшысы тау-кен өндірісінде қолға алынып отырған жұмыстарды сараптап, жұмыстан шығаруға жол берілмейтініне назар аударды. Еңбекшілдер ауданындағы «Арселор-Миттал» кәсіпорнымен осындай келісім жасалса, «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамында күрделі жағдай қалыптасқан. Олардың өніміне деген сұраным азайып, көліктер өтпеуде. Парламент Мәжілісінің депутаттары күнделікті тұтынатын тауарлардың, дәрі-дәрмектің бағаларын күнбе-күн бақылауда ұстап отыру қажеттігіне тоқталды. Қазіргі уақытта Үкімет тарапынан ел азаматтарын қолдаудың көптеген бағдарламалары жасалғандығын айтты.