Ақмола облысының ардагерлері кеңесінің жаңа төрағасы сайланды (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының ардагерлері кеңесінің жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов және «ҚР ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бекболат Мұкышевтің қатысуымен Ақмола облысының соғыс және еңбек ардагерлерінің 9 есеп беру - сайлау конференциясы өтті.

Конференция барысында ұйымның жаңа төрағасы Ғосман Төлеғұл таныстырылды. Бұған дейін кеңесті 15 жыл бойы Чапай Мұталапұлы Әбутәліпов басқарып келген еді. Ол үстіміздегі жылдың 6 қаңтарында 77 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Ғосман Төлеғұлұлы Төлеғұл, 1950 жылы 19 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Әлжан ауылында дүниеге келген. Журналист, жазушы-аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткері. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Ауыл шаруашылығы техникумын (1975), КазМУ-ды (1983) бітірген. Еңбек жолын 1968 жылы трактор жүргізушісі, байланыс монтері болып бастаған. М.Мағауиннің, Д.Досжанның, С.Әбдірахмановтың, тағы да басқа жазушылардың кітаптарын орыс тіліне, көптеген әлем философтары мен саясаткерлерінің еңбектерін қазақ тіліне аударған. «Қазақ тілінің жанашыры» белгісімен, медальдармен, ҚР Президентінің, Мәдениет және ақпарат институтының, Тіл комитетінің Құрмет грамоталары тәрізді бірқатар мемлекеттік награда және медальдармен марапатталған.

2004-2014 жылдар аралығында Ақмола облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы болды. Қазіргі кезде зейнет демалысында.

Еске сала кетсек, бүгінгі күні Ақмола облысында 106343 зейнеткер тіркелген. Сондай-ақ, 885 бастауыш ардагерлер ұйымы бар.
null
null null null null

Соңғы жаңалықтар