Ақмола облысының ауыл шаруашылығына 42 млрд. теңгеден аса инвестиция салынды - облыс басшысы

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ақмола облысының ауыл шаруашылығына 42 млрд. теңгеден аса инвестиция салынды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

Оның атап өткеніндей, биылғы жыл ақмолалық шаруалар үшін жемісті жыл болды. Облыста 4,3 млн. гектар егіс алқабынан 7,3 млн. тонна астық бастырылды.

«Бұл мемлекеттің көрсетіп отырған қолдауының арқасы. Мәселен, облыс бойынша ауыл шаруашылығы саласына биыл 42 млрд. теңгеден аса инвестиция салынды. Тек егін шаруашылығының өзіне 8,2 млрд. теңге тартылды. Бұл өз кезегінде тұқым өсіру шаруашылығын дамытуға, жанар-жағармай және зиянкестерге қарсы химиялық қоспаларды субсидиялауға, машина және трактор паркін жаңғыртуға мүмкіндік берді. Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда бастырылған астықтың көлемі 3,2 есе артық болып шықты», - деп атап өтті облыс басшысы.

Соңғы жаңалықтар