Ақмола облысының балуаны А. Ғасымов Қазақстан чемпионы атанды (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының намысын қорғаған Азиз Ғасымов грек-рим күресінен ҚР чемпионатында 35 кг салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетіп, алтын медальді қанжығасына байлады.
None
None

Ақмола облысының Жақсы ауданында 2001-2003 жылы туғандар жастар арасындағы грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасынан.

Чемпионат қонақтарының арасында спорт қайраткерлері, оның ішінде ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Мейірхан Рахметов, ҚР кадеттер арасындағы аға жаттықтырушы Евгений Сорокин, 2009 жылы жастар арасындағы әлем чемпионы Айдын Сәрсекеев, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Қуаныш Мұхамбетов және халықаралық кластағы төреші Мейрамбек Мұсаев бар.

Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 256 балуан қатысты. Жарыста 35 кг салмақ дәрежесі бойынша белдескен Ақмола облысының спортшысы Азиз Ғасымов алтын медаль иеленді.

Соңғы жаңалықтар