Ақмола облысының диқандары көктемгі егіс жұмыстарына кірісті

деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Қазіргі уақытта облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы дақылдарын жаппай себуге кірісті, бұл ретте егін егу науқанына 17 мың бірліктен астам астық сепкіш тартылды, соның ішінде 862 бірлік өнімділігі жоғары себу кешендері. Өңір диқандары көктемгі-дала жұмыстарына қажетті жанар-жағар маймен толық көлемде қамтамасыз етілді», - делінген хабарламада.
Облыс бойынша егістік алқабы 4,9 млн. гектарды құрайды. Бұл өткен жылғы деңгеймен бірдей. Ал дәнді және бұршақ дәнді дақылдарды себу алқабын 91,4 мың гектарға азайту күтілуде, соның ішінде бидай 67 мың гектарға кемітіледі. Майлы дақылдардың алқабы 203,6 мың гектарды құрайды, ол өткен жылғы деңгейден 13,8 мың гектарға артық. Азықтық дақылдар 471,5 мың гектар жерге сіңірілмек, картоп 18,4 мың гектар және көкөністер 4,5 мың гектар алқапта егіледі, ол өткен жылғы көрсеткіштерден 108,9 мың гектарға артық. Ылғал және ресурс жинақтаушы технологияларды қолдану көлемін 3,2 млн. гектарға немесе 75 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр.